«Информатика және математика» кафедрасы 2002 – 2003 оқу жылында құрылды. т.ғ.к., доцент А.Н.Жидебаева 2005 – 2017 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметінде жұмыс жүргізген. 2017 – 2018 оқу жылында кафедраны магистр, аға оқытушы Т.Т.Заурбеков басқарды. Қазіргі таңда «Информатика және математика» кафедрасы меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент А.Н.Жидебаева атқарып келеді. Кафедрада 32 профессор – оқытушылар қызмет атқарады. Оның 2 – ғылым докторы, 11 – ғылым кандидаты, 2 – Phd, 10 – аға оқытушы, 2 – магистр, 5 – оқытушы, 1 – лаборант.
Кафедраның тәрбие жұмыстары
Кафедрада ұйымдастырушылық, азаматтық - патриоттық тәрбие, құқықтық тәрбие, этникааралық келісім, діни толеранттылықты дамыту бойынша, рухани – адамгершілік тәрбие, жастар бастамасы мен шығармашылығы бойынша, спорттық - сауықтыру, кәсіби тәрбиелеуге бағытталған, жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасынан шыққан студенттермен қайырымдылық тәрбие бағыттарында тәрбиелік іс – шаралар жүргізіледі.