Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы және география кафедрасы
Мырзалиева Забира Казбеккызы
Кафедра меңгерушісі
География ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Мекен-жайы: Шымкент қ., Токаев 27А көшесі, А корпусы, каб.402
Кафедра тарихы
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы және география» кафедрасы 1994 жылы құрылған, 2001 жылы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасынан жеке кафедра болып бөлініп шықты. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып 2001-2004 жылдар аралығында т.ғ.к., доцент Қ.Ю.Оразов атқарды. 2004-2005 оқу жылында аға оқытушы Қ.С.Анарбаев меңгеруші болса, 2005 жылдың 1 қыркүйегінен 2017-2018 оқу жылдары аралығында кафедраны т.ғ.д., профессор қызметі міндетін атқарушы, МАНПО-ның корр. мүшесі Б.Р.Найманбаев басқарып келді. 2018-2019 оқу жылы аға оқытушы, магистр Шеримбаева Ж.Д. кафедраның меңгеруші міндетін атқарды. 2019 жылдың кыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі қызметін г.ғ.к., аға оқытушы Мырзалиева Забира Казбеккызы атқарап отыр.

6B01601-«Тарих», 6B01507-«География», 6B01508 -«География-тарих» білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлайтын кафедраның жалпы штаттағы профессор-оқытушылар құрамының саны – 12, оның ішінде 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты мен 5 магистр, аға оқытушылар және 1 лаборант қызмет атқарады. Кафедраның ғылыми көрсеткіші – 55 %.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география» кафедрасында 6B01601-«Тарих», 6B01507-«География», 6B01508 -«География-тарих» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының миссиясы - Болашақ педагоггеограф - тарихшы мамандарына лайықты білім.

Білім беру бағдарламасының мақсаты- География және тарих ғылымының іргелі білімдерін меңгеріп, педагогикалық бағытта кәсіби деңгейде жеке және өзара ұштастыра отырып пайдалана білетін, үнемі өзгеріс пен даму ағынында табиғи және қоғамдық мәселелерді шешуге қабілетті географ – тарихшы мамандарды дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

- Жалпы адами және әлеуметтік – тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;
- Педагогикалық қызметте қажетті іргелі білімдер, әмбебап және кәсіби құзіреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
- Қоршаған орта туралы кешенді ғылыми білімнің ажырамас бөлігі ретінде география саласындағы кәсіби сапалы білім мен құзіретті меңгеруге жағдай жасау;

- Оқытудың озық әдістері мен технологияларын меңгеріп, оны оқу үдерісінде кәсіби түрде пайдаланып, өз саласы бойынша білім мекемелерінде оқу және тәрбие жұмыстарын жүргізуге дайын география – тарих мамандарын дайындау;

- Кәсіби қызметті ұйымдастыруға қажетті ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолданудың әдістерін меңгеруді қамтамасыз ету;
- Тарихи процестер туралы теориялық білімді меңгеруге, талдауға және қолдануға қабілетті маман дайындау.
Профессор-оқытушылар құрамы
Забира Мырзалиева Казбеккызы
Кандидат географических наук, зав. кафедрой истории и географии

Найманбаев Бекмурат Рахымбердиевич
Алиев Уткур
Арыстанова Калима Орынкызы
Шеримбаева Жибек Дуйсебаевна
Сейілбекова Ақнұр Нұрмаханқызы
Жанабаев Бейбіт Шекербекович
Садвакасова Капира
Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география кафедрасы - студенттердің академиялық ұтқырлығы
Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген жетекші ЖОО академиялық ұтқырлық бойынша келісім шарттар жасалынған және ішкі, сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыруда студенттердің білім беру бағдарламалары мен қамтамасыз етілуіне көмек теседі. Академиялық ұтқырлық бойынша төмендегі ЖОО келісім шарттар жасалынған: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, А.Жұбанов атындағы ААМУ, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, М.Әуезов ат. ОҚМУ және т.б.
Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлыққа сәйкес жақын шет елдермен біліктілікті арттыру, ПОҚ және студенттердің академиялық ұтқырлық бойынша тәжірибе алмасу үшін келісім шарттарға жасалынған. Студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша жұмыстар жолға қойылғын.
Сведения по внешней академической мобильности студентов
(обучение и прохождение практики)

Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география кафедрасы - Ғылыми-зерттеу жұмыстары
2020 жылы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша т.ғ.д., профессор Найманбаев Бекмұрат Рахымбердіұлы жетекшілігімен Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) облысындағы жастар көші-қоны: мәселелері мен шешу жолдары тақырыбында гранттық қаржыландыру конкурсына қатысты.

Кафедрамыздың оқытушысы А. Н. Сейілбекованың "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ» бағдарламасының «Антропологиялық зерттеулер материалдары бойынша қазақ халқының этногенезін және этникалық жүйенің ерекшелігін талдау» және "Қаңлы мемлекетін және қазақ мемлекеттілігінің бастауын зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары.

Жалпы жұмыс барысы жиналған далалық палеоантропологиялық материалдарды өңдеу мен жіктеуді жалғастыру.

Қолда бар палеоантропологиялық материалдар алынған аумақтық оқшаулау орнына қатысты тарихи мәліметтерді мұрағаттық іздеу және ескерткіштердің археологиялық аңызы (орынның әкімшілік атауы, ескерткіштің атауы, қорғанның, қабірдің нөмірі, олардың мәдени қатыстылығы, хронологиялық даталануы және т.б.).

Өткен жылдардағы қазуда Қазақстанда өндірілген палеоантропологиялық материалдар бойынша зертхананың иелігінде бар негізгі мәліметтерді (сақтау орны, шыққан жері, жалпы саны, сақталу дәрежесі, құрамы) жинау.
Уәкілетті оргын тізбесіне енген (ВАК) «Қазақ тарихы» ғылыми әдістемелік журналының 2018 жылғы ақпан айындағы (№2) санына «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, география және тарих» кафедрасының іс-шаралары мен профессор оқытушылар құрамының фото суреттерімен және 5 мақаласы жарияланды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география кафедрасы - Педагогикалық практика
Педагогикалық және өндірістік тәжірибенің мақсаты:
Бекіту және тереңдету, психология саласындатеориялық білімдерін терңдету, кәсіби құзыреттілігін тұрақты қалыптастыру, қабілетін, өз бетімен бейімделуді қалыптастыру,қойылған міндеттер сапалы орындаумен шешімдерге негіздеме беруді үйрену, эмпирикалық материалды жинауды дайындау, бітіруші біліктілік жұмысын жазу, кәсіби шығармашалыққа, жандандыруды нығайту. Сондай-ақ, траекториялық оқыту сапасын жақсарту бойынша тәжірибелік дағдысын меңгеру, психология саласында еңбек тәжірибесін меңгеру. 4 апталық педагогикалық тәжірибені өтуге 4 кредит берілген, сонымен қатар 10 апталық өндірістік тәжірибеден өтуге 4 кредит берілген.
Кафедра отырыстарында кәсіптік тәжірибе бағдарламасы (оқу, педагогикалық және өндірістік) талқылау нысанасы болып табылады.
Тәжірибе базалары білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес. Іс-тәжірибе жетекшілері кафедраның тәжірибелі оқытушылары мен ұйымдарының өкілдері тағайындалады. Тәжірибені ұйымдастыру белгіленген конференция өткізуді қарастырады, іс-тәжірибе базасымен танысу, тәжірибе жетекшілерін анықтау, тәжірибе базасының есептік құжаттамаларды жасау. Іс-тәжірибеден нәтижелері факультет деканының өкімімен арнайы құрылатын комиссия құрамымен қарастырылады және ол хаттамаларында, тәжірибе жетекшілерінің күнделіктерінде, тәжірибе жетекшілерінің пікірлер, ведомостарында және сынақ кітапшаларында көрсетіледі.
Бағдарлама мақсаттарының динамикасын растауоның мазмұнын элективті пәндердің беру тізбесін айқындауға қатысатын аймақтағы жұмыс берушілермен келісіледі, тәжірибе базаларының тағайындау, түлектердің қорытынды бағалары болып табылады. Нормативті-құқықтық құжаттардың жұмыс дағдыларын, психологиялық әдістемелер, психологиялық тренингтер өткізу, педагогикалық жағдай мен міндеттеріншешу, кеңес беру өткізу және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өту кезінде психодиагностика өткізетін базалары. Сонымен қатар, жыл бойы үшінші және төртінші курс студенттерін педагогикалық қызметке орналастыруға болашақ жұмыс орнын анықтау үшін оқу орындарының басшыларымен тікелей байланыс орнатылып, ықпал етіледі.
2017-2018 оқу жылында 5В011400 – Тарих, 5В011600 – География мамандық студенттері оқу өндірістік (педагогикалық), диплом алды практикалардан өту мақсатында бірқатар мектептермен келісім – шартқа отырған. Оқу жоспары мен 2017-2018 оқу жылына арналған оқу процесінің кестесіне сәйкес университет ректоры бұйрығы негізінде практикаға жіберіледі.



Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география кафедрасы - Оқу-әдістемелік жұмыс
2020 жылғы А.Байтұрсынұлы білім академиясының «Білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы мектеп менеджменті және педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзіретін» атты 72 сағаттық бағдарламасына негізделген «Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-педагогикалық» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинарға кафедрамыздың аға оқытушысы Шеримбаева Жибек Дуйсебаевна қатысып, біліктіліктен өтті.

"1-Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні" мерекесі аясында білім саласына, сонымен қатар, Егеменді елііміздің болашағының дамуы жолында аянбай еңбек еткені үшін кафедраның аға оқытушысы, магистр Г.А.Турумбетова Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының әкімшілігі тарапынан алғыс хатпен марапатталды.

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география» кафедрасының профессор-оқытушылары «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2019» атты Республикалық байқаудың жеңімпаздары атанып, «BILIM-ORKENIET» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған материалдар жинағына жарияланды.

Жинаққа енген профессор-оқытушылар құрамы:
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география» кафедрасының профессор-оқытушылары тарих ғылымдарының докторы, профессор қызметі міндетін атқарушы, Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Б.Р.Найманбаев, магистр, аға оқытушысы Шерімбаева Ж.Д., магистр, аға оқытушы Г.А.Турумбетова, магистр, аға оқытушы Найманбаева Л.А., магистр, аға оқытушы Рахимкулов Ш.С.
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, тарих және география» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы әр оқу жылына бекітіліп, жоспарға сәйкес атқарылып отырады. Кафедра оқытушылары ғылыми-әдістемелік семинарларда кредиттік оқу жүйесінде, оқу процесіне инновациялық технологияларды ендіру жүйесінде, инклюзивті білім беру үрдісінде жүріп жатқан жаңалықтарға арналған отырыстар өткізеді. Өткізілетін пәндерден білім алушылардың танымдық қасиеттерін көтеру мақсатында әр пән бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалған. Кешен пәннің оқу бағдарламасын, оқу-жұмыс жоспарын, силлабусты, лекция жиынтығын, әр сабақ түрін өткізуге арналған әдістемелік нұсқауларды, курстық жұмысты бойынша әдістемелік нұсқауларды, аралық бақылау сұрақтарын, қорытынды аттестациялау сұрақтарын, тарату құжаттарын, пәннің оқулықтармен қамтамасыз ету картасын және т.б. құжаттарды қамтиды.
5В011600 – «География», 5В011400 – «Тарих», 5В012900 – «География -Тарих» мамандықтарының Мемлекеттік стандартарында қарастырылған міндетті пәндер пәннің бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Таңдау компоненті пәндері бойынша кафедрада әр оқу жылына «Элективті пәндер каталогы» жасалынады және бұл каталог студенттердің таңдауы бойынша өзгертіліп, толықтырылып тұрады. ПОҚ интербелсенді оқытуды кеңінен пайдалануға студенттерді білімді меңгеру және өңдеу процесіне енгізуге мүмкіндік беретін болғандықтан пәннің мазмұнын тиімді меңгеру мақсатында кафедрамыздың профессор-оқытушылары электронды поштаны кеңінен қолдана алады.
2017-2018 оқу жылында Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, тарих және география» кафедрасында жүргізілген пәндері бойынша оқу-әдістемелік құжаттармен және оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география кафедрасының әлеуметтік-тәрбие жұмыстары
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, тарих және география кафедрасының оқытушылары 2019 жылдың 05-06желтоқсанкүндері университеттің Тоқаев 27 а көшесінде орналасқан № 1 жатақханада кезекшілік атқарып, тәлім мен тәрбиеге негізделген іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда «Мен үшін өмір қымбат», «Тазалық - денсаулық кепілі»атты тақырыпта дөңгелек үстел, әңгіме-лекция жүргізу секілді іс-шаралар барысында қазіргі қоғамдағы өзекті болып табылатын тақырыптар қаралды.
Кафедрадағы тәрбие жұмысының жоспары бойынша Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы тақырыбындағы тәлімгерлік сағат өтті.
Кафедра студенттерімен ZOOM бағдарламасы арқылы өткен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Туған жер- ұлттық потриотизмнің бастауы атты» мәдени ақпараттық іс-шара.
Кафедрамыздағы студенттердің қатысуымен ZOOM бағдарламасы арқылы Абайдың 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Кафедра студенттерімен «1 желтоқсан –Дүниежүзілік ЖИТВ/АИТВ –пен күрес күніне» арналған іс-шара.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіндегі кафедра құрамы және 1 курс студенттері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің жетістіктері
Заняли ІІІ место на ХІІІ Республиканской предметной олимпиаде по специальности 5В011600-«География», организованной Костанайским региональным университетом им.А. Байтурсынова, под руководством заведующей кафедрой к. г. н. Мырзалиевой З. К. студенты группы 116-81 Нургали Еркебулан и группы 214-01 Байдаулет Асылзат.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география кафедрасының 114-71 тобының студенті Талдыбек Мадира Жәнібекқызы «Бөбек Жалпыұлттық қозғалысының» ұйымдастыруымен республикамыздың барлық аймағын қамтыған « Үздік студент-2019» жобасының «Жас қыран» Республикалық талантты жастардың III кітап жинағына енгені үшін I дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы және география кафедрасының 114-71 тобының студенті Талдыбек Мадира Жәнібекқызы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін, сайлау қортындысын Елбасы саясатының лайықты жалғасы және сабақтастық әділдік, өрлеу қағидаларына негізделген дамудың жаңа бағытын қолдау деп қабылдаймын деген «Алғыс хатына» ие болды.

Made on
Tilda