Ғылыми-зерттеу орталықтары
Университетте 5 ғылыми орталық бар:
1) «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығы
2) «Математикалық және компьютерлік модельдеу» ғылыми орталығы
3) «Психологиялық-педагогикалық зерттеулер» ғылыми орталығы
4) «Life Science» ғылыми орталығы
5) Қазақстан-Ресей ғылыми зерттеулер ғылыми орталығы
Жас ғалымдар клубы
Жас ғалымдар клубы жас ғалымдарға кәсіби деңгейлерін арттыруда көмек көрсету, ғылыми әлеуетті дамыту және жас ғалымдардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, университеттің ғылыми жастарының кәсіби, зияткерлік, заңды және әлеуметтік-тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын іске асыру, қорғау, ғылыми білімді және ғылымның заманауи жетістіктерін насихаттау мақсатында құрылды.
Клуб қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясы, SILKWAY Халықаралық университет Жарғысы, университет қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, сондай-ақ демократизм, еркіндік, жариялылық, өзіндік басқару, теңдік принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Клубтың құрылу мақсаты:
- жас ғалымдарға кəсіби деңгейлерін арттыруда көмек көрсету;
- ғылыми əлеуетті дамыту жəне жас ғалымдардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру;
- SILKWAY Халықаралық университеті ғылыми жастарының кəсіби, зияткерлік, заңды жəне əлеуметтік-тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын іске асыру, қорғау;
- ғылыми білімді жəне ғылымның заманауи жетістіктерін насихаттау.
Негізгі міндеттері
- SILKWAY Халықаралық университеті ғылыми жастарының кəсіби өсуіне ықпал ету, жастардың ғылыми бастамаларын дамыту жəне жас ғылыми кадрларды университетте тұрақтандыру. SILKWAY Халықаралық университетіндегі ғылыми жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс даярлау;
- жас ғалымдардың ғылыми қызметінің ұйымдастырылуы мен қаржылық қолдау көрсетілуіне жəне олардың Қазақстан мен шетелдерде өткізілетін түрлі ғылыми-зерттеу жобаларына, бағдарламаларға, ғылыми тағылымдамаларға, конкурстарға, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуына ықпал ету;
- жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсететін (грант бөлетін) ғылыми жобалар, бағдарламалар мен қорлар туралы, еліміз бен шетелдегі ғылыми жəне білім беру орталықтары, сондай-ақ Қазақстан мен алыс жəне жақын шетелдерде өткізілетін бейінді іс-шаралар (конференциялар, семинарлар) туралы ақпарат беру;
- үздік ғылыми-техникалық өнім конкурсын, ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жəне өткізуге ықпал ету, жас ғалымдарға ғылыми мақалалары мен баяндамаларын жариялауға көмек көрсету;
- университеттің ғылыми техникалық кеңес отырысында магистранттар мен тəлімгерлерді аттестаттауға қатысу;

- жас ғалымдарға ғылыми зерттеу жұмыстар əдістемесі мен əдіснамасын меңгеруге көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізу; жас ғалымның ғылыми-техникалық жəне мəдени өсуіне ықпал ету;

- ғылыми жастарды жұмысына қолдау көрсететін қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер мен басқа да іс-шаралар туралы, бос орын жайлы ақпараттандыру;
- ғылыми ұйымдар, ғылыми зерттеу институты, жоғары оқу орындары жас ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен əзірлемелерінің ақпаратты мəліметтер базасын құру;
- жас ғалымдарға отандық жəне шетелдік гранттарға қатысу үшін белсенді жұмыс істеуге, магистратураға түсуге, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, магистрлік диссертациясын қорғауға көмек көрсету;

жас ғалымдарды ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің жəне басқа да министрліктердің сыйақыларына ізденушілікке ұсыну; дарынды жас мамандарға магистратура мен докторантураға түсуге қолдау көрсету;

- жас ғалымдардың еңбегі, тұрмысы мен демалысы мəселелері бойынша өзінің ұсыныстарын ректоратқа білдіру;
- жас ғалымдардың өздерінің əлеуметтік мəселелерін шешуге бағытталған бастамаларына қолдау көрсету.
Жалпы мағлұматтар
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары педагогика мен психология, құқықтану, экономика және жаратылыстану ғылымдарының басымды салаларындағы негізгі ғылымдар мен қолданбалы ізденістерді дамытуға бағытталған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарын таңдау саясаты университеттің материалды-техникалық және кадрлық әлеуетін барынша қолданудан көрінеді. Ғылыми жобалардың тақырыптары аймақтық экономикалық интеграциясы, экономикалық және технологиялық өсуі, компьютерлік үлгілеу мен педагогикалық технологияларды қолдану т.б. аясындағы аймақтық және республикалық мәселелерді қамтиды. Университет қызметкері, білім алушылары мен ПОҚ университеттің ҒЗЖ саласындағы саясатынан хабардар етілген.
Университетте -зерттеу жұмыстарының 2016-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму жоспары жасалған. Жоспар негізінде жыл сайын ҒЗЖ-ның тақырыптық жоспарлары құрылады. Ғылыми жобалардың тақырыптары Оңтүстік Қазақстан облысы мен Республиканың экономикалық, математикалық, ақпараттық-аналитикалық, тарихи, биологиялық және басқа да өзекті мәселелерін қамтиды. Орта есеппен, жыл сайын СҒЗЖ-на күндізгі оқу бөлімінде білім алушылардың жалпы контингентінің 60% студенті қатысады.
Университеттің ғылыми-білім беру үдерістерінің барлық аспектілеріндегі халықаралық ынтымақтастық – оның іс-әрекетінің басымды бағыттарының бірі. Оқу орны Қытай, Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан тб. Білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдары, университеттермен екі жақты ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы ресми келісім-шарттары бар.
Университеттің ғылыми-зерттеу іс-әрекеті айтарлықтай жоғары әрі сапалы деңгейге көтерілді. Университет ғылым мен оқу үдерісі арасындағы өзара байланысқа көңіл бөлген. Ғылыми зерттеулердің басымды бағыттары – педагогика, экономика, құқық және техника салалары. Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып, Web of Science, «Scopus» базасына енген нөлдік емес импакт-факторлары бар халықаралық журналдарға ғылыми мақалалар жарияланып отырады. Шетелдік басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар мен ғалымдардың ғылыми-зерттеулері – университет рейтингіндегі басты критерийлердің бірі.

Ғылыми жобалар
SILKWAY Халықаралық Университеті Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюждет қаражаты есебінен ғылыми және ғылыми техникалық конкурстарға қатысу үшін Ғылыми және ғылыми техникалық субъектісі ретінде аккредитациядан өткен.
Ғылыми жобалардың тақырыптары Республика мен Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық, математикалық, ақпараттық-аналитикалық, тарихи, биологиялық және басқа да өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.
1. ҚР БҒМ ТАРАПЫНАН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН ЖОБАЛАР
Оңтүстік Қазақстан облысының ландшафтық зерттеулері, экологиялық-географиялық картаны жасау, өсімдік шикізатының табиғи қорын анықтау және эфир майын алу

Жоба жетекшісі: б.ғ.к. Ибрагимов Т.С.

Жобаның мақсаты: құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер флорасының сандық және сапалық құрамын зерттеу, олардың негізінде таралу аймағының картасын түзіп, сонымен қатар эфир майларын алудың тиімді технологиясын жасау.
Күтілетін нәтижелер: Оңтүстік Қазақстан облысының әртүрлі аймақтарындағы эфирмайлы дәрілік өсімдіктер қорларын зерттеу, олардың таралу аймақтарының шекарасын, сонымен қатар гүлдеу фазалары бойынша эфир майларының жинақталу өсімін айқындау; GPS қолдана отырып өсімдіктердің эфирмайлы және дәрілік түрлерінің таралу аймақтары бойынша мәліметтердің электрондық базасын құру; ғылыми-зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы халықтарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге қолдану.
Алынған нәтижелердің қолдану аясы
Оңтүстік Қазақстанның барлық аймақтарындағы эфирмайлы өсімдіктердің қоры, дайындалу көлемінің мүмкіндігі жайындағы мәліметтер, жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар Оңтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау Басқармасына ұсынылатын болады.
Алынған эфир майының пайдалану аясы: фармация, парфюмерия, тағам өнеркәсібі.
Жобаның мерзімі: 2018-2020 ж
Қаржыландыру көлемі – 30 млн.теңге

2. КОММЕРЦИАЛАНДЫРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

2017 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру конкурсында SWIU «Қазақстанның сауда нарығы үшін көп функционалды POS-терминалдар өндірісін жаңғырту және ұйымдастыру» тақырыбындағы ғылыми жобасы бойынша қатысып, жеңімпаз атанды.
Жоба жетекшісі – PhD докторы Н.С.Жұматаев.
Зерттеудің мақсаты: ұйымдастырушылық және экономикалық тұрақтылықты, экономикалық көрсеткіштердің ашықтығын қамтамасыз ету және Қазақстан халықының кірістері мен шығыстарын есепке алу, жалпы декларациялау кезінде халқының сенімін арттыру үшін POS-терминалдарға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады.

Алынған нәтижелер:

1. Қолданыстағы POS-терминалдар жүйелеріне (кассалық аппараттар және терминалдар) талдау жүргізілді.
2. Бірнеше функцияларды орындау үшін POS-терминалдар бағдарламалық қамтамасыз етілді
3. Интеграцияланған POS-терминалдар жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету тиімділігі анықталды.
Негізгі конструктивтік және технико-экономикалық көрсеткіштер: POS-терминал қосымша кассалық аппарат функциясы сонымен бірге жинақы және айтарлықтай тиімді баға болғандықтан
Тиімділігі: POS-терминалдар клиенттердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді және қаражат қозғалысын бақылауды күшейтеді. Кәсіпкерелердің шығындарын оңтайландырады, уақыттын үнемдейді. Екінші деңгейдегі банктер қолма-қол ақшасыз қызмет көрсету үшін өзінің клиенттік базасын ұлғайтады. POS-терминал Қазақстанда өндіру жоспарланып отырғандықтан сервистік жедел және тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Қолданылу саласы: Екінші деңгейлі банктер, сауда нүктелері, қоймалар, көлік компаниялары, Мемлекеттік кіріс комитеті.

Студенттердің ғылыми қоғамы
Студенттердің ғылыми қоғамы – студенттерді ғылымға баулу, түрлі ғылыми жобаларға, конференцияларға, студент бизнес инкубаторларға, дөңгелек үстелдерге қатысуға шақыру, студенттің өмірін ғылым саласы бойынша қызықты, жан-жақты етіп өткізетін ұйым. Әр студент жоғары оқу орнына түскеннен кейін өзін-өзі дамыту үшін қандай да бір деңгейде ғылыммен айналысуы керек. Ғылым студенттің өз саласы бойынша ізденуіне, еңбектенуіне мүмкіндік береді және сол арқылы жақсы маман болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл ұйым сонымен қатар түрлі интеллектуалды ойындар, іс-шаралар, білімге бағытталған сайыстар өткізумен айналысады. Осы айтылғандар студенттің ой-өрісін дамытады, жан-жақты көзқарасын кеңейтеді, білсем екен деген құштарлыққа жақындатады.
СҒҚ –білімге, дамуға, жаңа белестерді бағындыруға құштар жастардың басын біріктірген үлкен отбасы.
МАҚСАТЫ:
СҒҚ мақсаты - студент жастардың оқу қызығушылықтарын таныту үрдісіндегі, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы және әлеуметтік саладағы әрекеттері, ғылымның әр саласында студенттердің білімдерін жетілдіру.
МІНДЕТТЕР:
· Студенттердің оқу материалдарын терең және шығармашылық жағынан меңгеруі;
· Ғылыми және техникалық тапсырмаларды өз бетінше шешу, әдістемесі мен құралдарын оқыту;
· Студенттердің ғылыми таным әдістерін меңгеруі;
· Студенттердің институт ішіндегі және институттан тыс, мәдени -қоғамдық өмірінде белсенділіктерін арттыру;
· Студенттер конференциясын, семинарларын, дебатын өткізуге қатысу;
· Қазақстан мен шетелдің студент жастарымен байланыс орнату;
· Студенттерді қосымша материалдық ынталандыру жағдайларын жасауға көмектесу;
· Студенттердің қызығушылығы мен қабілеттерін айқындау;
· Іздену зерттеу қызметтерінің дағдысын қалыптастыру.
ҚАҒИДАЛАРЫ:
· Студенттерді арнайы жалпы ғылыми дайындықтарының деңгейін ескере отырып, әртүрлі нысандағы шығармашылық әрекеттерге баулу, қызықтыру;
· Студенттердің зерттеу жұмыстарына тапсырманың қиындығы және ғылыми ізденістер аумағының кеңеюі есебінен үздіксіз қатысуы;
· Студенттердің бастамашылығы мен белсенділігіне тірек болу.

Made on
Tilda