ББ 7М01719-Шет тілі: екі шет тілі магистратураның біліктілік сипаттамасы
Түлектің кәсіби қызмет саласы


7M01719 - Шетел тілі екі шет тілі білім беру бағдарламасының түлегіне педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі. 7M01719 - Шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша түлектің біліктілігі мен лауазымы «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес анықталады.

7M01719 - Шетел тілі екі шет тілі білім беру бағдарламасының магистратурасының түлегі келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайындалған:

- әкімшілік-басқару саласы;

- білім және ғылым саласы;

- мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы;

- халықаралық байланыстар саласы;

- баспа ісі саласы;

- бұқаралық ақпарат құралдары саласы;

- ақпараттық-аналитикалық және басқа салалар.


Түлектің кәсіби қызмет түрлері

7M01719 - Шет тілі екі шет тілі білім беру бағдарламасының магистрлері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

- білім беру (педагогикалық): студенттердің шет тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға қойылатын халықаралық стандарт деңгейлік талаптарды ескере отырып екі шет тілі мұғалімінің функцияларын орындау

- эксперименттік-зерттеу: ғылыми-әдістемелік әдебиетті зерделеу, шет тілінде білім берудің озық тәжірибесімен танысу, оны қорыту, нәтижелерін оқу процесіне енгізе отырып эксперименттер жүргізу;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық: әр түрлі деңгейдегі шет тілі білім мазмұнын жоспарлау; оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін анықтау; шет тілдік құзыреттіліктің қалыптасу сапасын басқару және бақылау;

- әлеуметтік-педагогикалық: дүниетанымы мен ойлау қабілеті дамыған көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру;

-оқу-тәрбиелік: оқу-тәрбие жұмысын заңдарға, заңдылықтарға, қағидаларға, педагогикалық процестің тәрбиелеу механизмдеріне сәйкес жүзеге асыру; сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау, нақты тәрбиелік міндеттерді анықтау және шешу, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі нысандары мен әдістерін таңдау және пайдалану шеберлігін қалыптастыру; оқушылар ұжымымен, осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасын орнату; оқыту және тәрбиелеу процесіне қатысты өзіндік тәсілдерді әзірлеу;

- оқу-технологиялық: ақпараттық сауаттылық; оқу процесінде жаңа технологияларды (оның ішінде шет тілдерін оқытудың мультимедиялық құралдарын) меңгеру және пайдалану.
7М02307 – Аударма ісі бакалаврының біліктілік сипаттамасы
Түлектің кәсіби қызмет саласы


7м02307-Аударма ісі білім беру бағдарламасының түлегіне аударма ісінің магистрі академиялық дәрежесі беріледі. 7м02307 –Аударма ісі мамандығы бойынша түлектің біліктілігі мен лауазымы "басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына"сәйкес айқындалады.

Түлектің кәсіби қызмет түрлері

7М02307-Аударма ісі білім беру бағдарламасының магистрлері кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- аударма (әртүрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздердің, халықаралық кездесулердің, конференциялардың ауызша аудармасы);

- ұйымдастырушылық (әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдар құру);

-өндірістік-басқарушылық (отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде басқару және/немесе кәсіби міндеттерді орындау (аударманың әр түрлі түрлері) );

- ақпараттық-аналитикалық (әлеуметтік-саяси талдауды жүзеге асыру, іскерлік хаттар, есептер, шолулар құрастыру, жағдайды болжау, аудармаларды редакциялау);

-ғылыми-зерттеу (практикалық материалдарды жинау және өңдеу, аударма ісі және мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалалар дайындау).


Made on
Tilda