Профессор-оқытушылар құрамының еңбектері 2019 жыл
Исманова Р.Ж., Каракулова Ж.М., Мыңбаева Ү.І. Тілдік жаттығуларды орындау тәсілдері
Әдістемелік-нұсқау бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері мен тәжірибелі мұғалімдермен қатар еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға арналған.
Бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, топ ішінде жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру олардың қатысымдық дағдысының дамуына байланысты. Сондықтан бастауыш сыныптарда тілдік жаттығуларды орындаудың әдіс-тәсілдерін игеру міндеті тұр.
Тілдік жаттығулар тек қатысымға ғана емес сонымен бірге грамматикалық қағидаларды оқытуға да бағытталады. Бұл нұсқауда бастауыш сыныптарда тілдік жаттығуларды орындаудың түрлі әдістері және оларды сабақта тиімді қолданудың жолдары берілген. Бастауыш сынып жоғары санатты мектеп мұғалімдерінің үлгілі тәжірибелерінің нәтижелері пайдаланып, сабақ жоспарлары, бейне сабақтар беріліп отыр. Тілдік жаттығуларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау, тілді дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары қарастырылады.
Подробнее
Исманова Р.Ж., Каракулова Ж.М., Мыңбаева Ү.І., Балабекова К.А., Набиева Л.А. «Lesson study»тәсілі бойынша бастауыш сыныптағы сабақты зерттеу әдістері
Оқу-әдістемелік нұсқау бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері мен тәжірибелі мұғалімдермен қатар еңбек жолың жаңа бастаған мамандарға арналған.
Lesson studyтәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жорлын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырады. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson studyдайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson studyбарысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
Подробнее
Тураева А.Т., Жолдасбеков а.А., Сихынбаева Ж.С. Білім берудегі менеджмент.
Бұл оқулықта білім беру менеджментінің негізгі мақсаты, білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру және оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің мен білім беру үдерісінің астарында оны құраушы үш үдеріс, яғни оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өзіндік білім алу үдерістері мен білім берудегі менеджменттің (білім беру үдерісін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары жайында педагогикалық мәселелер қарастырылады.
Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.
Подробнее
Исманова Р.Ж., Сихынбаева Ж.С., Жолдасбеков А.А. Педагогикалық шеберлік.
Бұл оқу құралында педагогикалық шеберліктің компоненттері, яғни, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі, пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетіншылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болатындығы, соынмен қатар мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтып, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы қарастырылады.
Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.
Подробнее
Made on
Tilda