Юнусов Ифтихар Бахтиярұлы
Silkway Халықаралық университетінің президенті

Юнусов Ифтихар Бахтиярович Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында 1981 жылы наурыз айының 6 (жұлдызында) дүниеге келген. 1998 жылы №13 Мукими атындағы қалалық жалпы орта мектебін бітірген. 1998 жылы Египет араб мемлекетіне оқуға кеткен. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін 0215-Шетел филологиясы: Араб және ағылшын тілі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

2001 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне түсіп, 2004 жылы аталған университеттің Педагогика және психология мамандығын бітірді. 2004 жылы педагогика саласы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2005 жылы Қазақ гуминитарлық заң университетіне түсіп, 2007 жылы Заңтану академиялық дәрежесі деген біліктілік берілді.

2008 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің басшысы қызметіне тағайындалды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

2014 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ ұйымдастырған республикалық ғылыми-практикалық конференциясында оқу жылының қортындысы бойынша білім алушыларға сапалы білім берудегі жоғары көрсеткіштері үшін Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі «Ең үздік колледж» номинациясын иеленген.

2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беруді модернизациялау департаменті ұйымдастырған республикалық конференциясында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі белсенді қатысқаны үшін арнайы «Сертификатпен» марапатталған.

2015 жылы білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық «Qurmet-AB» Қоғамдық бірлестігінің «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен марапатталған.

2015 жылы ҚР Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне орай белсенді еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

2015 жылы Егемен еліміздің кемелденуіне қосқан үлесі үшін Шымкент қаласы әкімдігінің «Алғыс хатымен» марапатталған.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес – рейтинг орталығы ұйымдастырған сайыста «Гордость образования 2016» арнайы «Ұлттық сертификатымен» марапатталған.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес – рейтинг орталығы ұйымдастырған сайыста «Лидер года 2017» арнайы «Ұлттық сертификатымен»

/серебро рейтинга по Республике Казахстан/ марапатталған.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес – рейтинг орталығы ұйымдастырған сайыста «Лидер года 2018» арнайы «Ұлттық сертификатымен» /Первое место (золото рейтинга) среди предприятий Южно-Казахстанской области/ марапатталған.

2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін «Алғыс хат» берілген.

2019 жылы заманауи білім берудегі еселі еңбегі үшін Түркістан облысының білім басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.

2019 жылы колледж педагог қызметкерлерінің кәсіби жоғары деңгейде дамуына қосқан үлесі үшін «Planet Skills» Халықаралық ағартушылық жобасы жетекшісінің «Алғыс хатымен» марапатталған.

2019 жылы «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастырған шығармашылық жұмыстар көрмесінде еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында ұрпаққа саналы тәрбие берудегі ерен еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталған.

2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс хатымен» марапатталған.

2020 жылы Түркістан облысы, АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапаталған.

Жарқынбеков Мұрат Асанұлы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Адрес: ҚР ОҚО, Шымкент қаласы,Тоқаев көшесі 27А, каб. 203
Телефон: 8 (7252) 53-67-82 (105)


1973 жылы Алматы қаласында туылған. 1990/1995 жылы Йассауи атындағы ХҚТУ ШИ «Химия және биология» мамандығы бойынша бітірген. Жоғары оқу орын бітіргеннен соң 1995-1998 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Органикалық технология заттары» кафедрада, күндізгі бөлімде аспирантура бітіріп сол кафедрада І дәрежеде инженер қызметін атқарған. 2001 жылы Ташкент қаласында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми жұмыстарының нәтижелері 25 ғылыми басылымдарда жарияланды және халықаралық гылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған.

2002 жылдан бастап Оңтүстік қазақстан педагогикалық университетінде жұмыс атқара бастады. 2002 жылы аға оқытушы, 2003 жылы ақпан айында сырттай оқу бөлімінің деканы, осы жылы қыркүйек айында күндізгі оқу бөлімінң педагогика факультетінің деканы, 2005 жылы университетте ғылыми істер жөніндегі проректор, 2006 жылдан бастап 2014 ж дейін оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқарып келді. 2013- 2016 ж дейн КИПХДУ департаментінің директоры. 2016 -2018 ж дейн Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінң ректоры қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап университетте Стратегиялық даму жөніндегі проректор қызметін атқарады. Білім саласындағы көпжылдық енбегі үшін, оқу әдістемелік және әкімшілік басқару саласындағы ерең енбегі үшін ҚР БҒМ-нің құрмет грамотасымен, Ы. Алтынсарин атындағы және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгімелерімен марапатталды.

Әлімбаев Мырзахан Түймебайұлы

Халықаралық байланыс проректоры,
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Әлімбаев Мырзахан Түймебайұлы 1969 жылы ОҚО Арыс қаласында туылған. 1987 жылы орта мектепті аяқтаған соң, Кеңес әскерінің құрамында 2 жыл қызмет еткен. Әскери борышын өтеп, 1990 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне «Шығыстану» (араб тілі) мамандығына түседі.
Жоғары білім алып, бірнеше жыл Ташкент мемлекеттік Шығыстану институтында оқытушы болып қызмет атқарады.
1998 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде (ол кезде «Шығыстану» институты) араб тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс жасаған. ҚР БҒМ-нің жолдауымен біліктілігін жоғарылату және ғылыми деңгейін көтеру мақсатында Каир университетінде (Египет) тәжірибе алмасқан.
2005 жылы ОҚПУ Тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарып, ЖОО-ның халықаралық ынтымақтастық бойынша бас маманы болып жұмыс жасаған. Қазіргі таңда университеттің халықаралық байланыс проректоры.
2006 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтында «Қазақ тіліндегі үндесім құбылысының артикуляциялық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 15 ғылыми-әдістемелік, 7 ғылыми-көпшілік мақалалар, 3 оқу құралдары мен диссертациялық зерттеу тақырыбының бағыты бойынша монография авторы.
Бірнеше мадақтау қағаздары мен сыйлықтың иегері, 2006 жылы ҚР БҒМ тарапынан «ҚР білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» алғыс хатпен марапатталған.

Мекен-жай: Шымкент қ, Токаев көшесі 27 «А» (А ғимараты), каб. 212.
Телефон: 8 (725)2 53-71-52, 8 (725) (122)2 53-67-82
Факс: 8 (725)2 53-01-40


Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы
PhD докторы

Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы 1982 жылы Мақтарал ауданында дүниеге келген.
2003 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ «Информатика» мамандығын бітірген.
2008 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУнің 6N0704-Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
2011 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУнің 6D075100-«Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша PhD –докторантураны бітіріп шықты.
2011 жылы Алматы қаласында Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша «Принципы моделирования процессов в условиях неполноты исходной информации» тақырыбында PhD- доктор ғылыми дәрежесін алу үшін жазған диссертациясын сәтті қорғап шықты
Жалпы жұмыс өтілі 13 жыл.
Жұмыс орындары:
2003-2008жж Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің аға оқытушысы
2010-2012жж Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің аға оқытушысы
2012-2016 М.Әуезoв атындағы OҚМУ-нің аға оқытушысы, декан орынбасары.
2016 жылдан Silkway халықаралық университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры
Н.С.Жұматаевтың 50ге жуық ғылыми мақаласы еліміздің ғылыми баспаларымен қатар Мексика, Лондон, Италия, Чехия, Швейцария, Ресей, Иран мемлекеттерінің ғылыми журналдарында жарияланған.
5 оқу құралының, 2 ағылшын тіліндегі оқу құралы және 1 ғылыми монографияның авторы
Үш ғылыми жобаның жетекшісі.
2009 жылы Ресейдің Д.Менделеев атындағы Ресей химия технологиялық университетінде және 2011 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағлымдамадан өткен.
2018жылы Путра Малайзия (Малайзия) университетінде ғылыми тағлымдамадан өткен.
2017 жылдың ҚР БҒМ "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағынының иегері


Жакипбаев Бибол Ермуратұлы

Email: bibol.ye.zhakipbayev@mail.ru
Кеңсе: 216 кабинет, А корпусы, Тоқаев көшесі, 27а

Жакипбаев Бибол Ермуратович – 1984 жылы 4 қазанда Қазақстан, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Білімі: Жоғары.
М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі:
- 2001-2006 жж. "Баяу балқитын металл емес және силикат материалдарының химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасының бойынша маманы;
- 2006-2007 жж. "Баяу балқитын металл емес және силикат материалдарының химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасының бойынша магистратура;
- 2010-2013 жж. "Баяу балқитын металл емес және силикат материалдарының химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасының бойынша PhD докторантура.
- 2013 ж. PhD докторлық диссертациясын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қорғау (Алматы қ.)

Жұмыс өтілі:
2007-2008 жж. – "Састөбе Цемент" ЖШС, "SAS-TobeTechnologies"ЖШС цемент зауытында сапа жөніндегі инженер
2008-2010 жж. – М. Әуезоват. ОҚМУ "Силикаттар технологиясы және минералдар синтезі" кафедрасының аға оқытушысы
2013-2014 жж. – М. Әуезов ат. ОҚМУ "Силикаттар технологиясы және минералдар синтезі" кафедрасының PhDдокторы, аға оқытушысы
2014-2018 жж. – М. Әуезов ат. ОҚМУ "Цемент, керамика және шыны технологиясы" кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы
2017-2019 жж. – М. Әуезов ат. ОҚМУ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы
2018 ж. – Қазақстанныңжаспедагогтар-ғалымқауымдастығыныңмүшесі
2018 ж. – Қазақстанныңжасғалымдаральянсыныңмүшесі
2019 ж. – "Халықаралықпедагогикалықшығармашылық пен ғылымдыдамытудықолдауқоры" қоғамдыққорының корреспондент-мүшесі
2019 ж. – SILKWAY Халықаралық университетінің "Іргелі және қолданбалы зерттеулер" ғылыми-зерттеу институтының директоры(Шымкент, Қазақстан)
2020-2021 жж. - М.В. Ломоносов ат.ММУ-де "Болашақ" Халықаралық бағдарламасы бойынша бір жылдық тағылымдама
2021 ж. қазіргі уақытта – SILKWAY Халықаралық университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры (Шымкент, Қазақстан)
Аккузов Абдыжалил Абуталипович

Аккузов Абдыжалил Абуталипович 1966 жылы 26 сәуірде Шымкент облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
1973-1981 жылдары Арыс қаласындағы №7 Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте, 1981-1985 жылдары Шымкент энергетика техникумында білім алған. 1985-1987 жылдары КСРО қарулы күштер қатарында қызмет еткен. Запастағы лейтенант. 1987 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының дайындық бөлімінде, 1988-1993 жылдары Х.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін Бастауыш сынып және ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша, 1994-1997 жылдары Х.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде 10.02.02-Қазақ тілі мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімін, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Экономика мамандығын бітірген. 1993-1994 жылдары Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ-нің «Биология» кафедрасының лаборанты, 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің (бұрынғы Шығыстану институты) Қазақ тілі кафедрасында оқытушы, 1997-2000 жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, 2000-2003 жылдары оқу бөлімінің бастығы, 2003-2004 жылы оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, 2004-2006 жылдары оқу ісі жөніндегі проректоры, 2006-2008 жылдары Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде күндізгі оқу бөлімінің факультет деканы, 2008-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры, 2013-2014 жылдары Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры, 2014-2018 жылдары І-ші және оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректоры , 2018 жылдан М.Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация академиясының Шымкент көлік колледжінің директоры қызметтерін атқарған.
2004 жылы ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте кандидаттық диссертация қорғаған. Жеке авторлықпен 100-ден аса ғылыми мақала, Импакт-фактор журналында 6 мақала, Scopus базасында тіркелген «Opcion» (Venezuela), ISSN :1012-1587. 1 мақала , 2 монография, 8 оқу құралы,10 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Облыс экономикасының өркендеуіне қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен, Шымкент қаласы ішкі саясат бөлім басшысының Алғыс хатымен, қалалық «Нұр Отан» ХДП төрағасының Алғыс хатымен марапатталған
2012 – 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигма» атты ғылыми жобаға жетекшілік жасап, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигма» атты ғылыми жобаның негізінде 27,5 баспа табақ монография-оқулығым , 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы ҚР БжҒМ жоғары және жоғары білім беруден кейінгі РОӘК гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары бойынша ОӘС грифімен «Сапалық сын есімдердің функционалды – семантикалық аспектісі» атты 12 баспа табақ оқу құралы жарық көрді. 2013 жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының «Білім мен ғылымға еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, «Тәуелсіздікке 25 жыл» төсбелгісінің, облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалінің, Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының «Елеулі еңбегі үшін» «Ел Ардақтысы», «Жүз жаңа есім», «Жүз ардагер ұстаз», төсбелгілерінің иегері.

Жаникулов Нұрғали Надырұлы

Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры
Email: nurgali.zhanikulov@mail.ru
Кеңсе: кабинет 216, корпус А, ул. Токаева, 27А
Білімі: Жоғары.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі.
- 2011-2015 ж.ж. «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының бакалавры;
- 2015-2017 ж.ж. «Баяу балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының магистранты;
- 2017-2020 ж.ж. «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторанты.
- 2020 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де докторлық диссертация қорғады (Алматы қ.).
Жұмыс өтілімі:
01.07.2011 - 11.12.2013 ж.ж. «ЮгДорСервис» ЖШС клининг компаниясының қызметкері.
20.02.2018 - 01.07.2018 ж.ж. М. Әуезов аты. ОҚМУ «Цемент, керамика және шыны технологиясы» кафедрасының оқытушысы.
02.09.2019 - 16.04.2020 ж.ж. М. Әуезов аты. ОҚМУ «Ғылыми-зерттеу басқармасы» бөлімінің бас маманы.
21.08.2020 - 25.03.2021 ж.ж. М. Әуезов аты. ОҚМУ «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты» директорының орынбасары.
26.03.2021 - 31.05.2021 Silkway Халықаралық университеті Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру және СҒЗЖ бөлімінің басшысы.
2017-2019 ж.ж. - М. Әуезов аты. ОҚМУ жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары.
02.09.2019 - 16.04.2020 жж. М. Әуезов аты. ОҚМУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы.
2019 ж. - ҚР Жас ғалымдар альянсының мүшесі
2020 ж. - ҚР Жас ғалым-педагогтар қауымдастығының мүшесі.
2021 ж. – «Өркен» ғылыми зерттеулер және шығармашылық идеялар қоры» қоғамдық қорының корреспондент мүшесі.
БҒМ Ғылым Комитет тарапынан орындалатын гранттық қаржыландыру жобасының 7 ғылыми жобаның жауапты орындаушысы.

Made on
Tilda