Электронды оқу залы – электронды құжаттар бүгінгі күні ақпараттық ресурстардың ажырамас бөлігі болып отыр. Білікті мамандар пайдаланушыларға электрондық пошта, электронды каталог, интернет жүйесінде кеңес беріп, жедел, сапалы қызмет көрсетуде. университет профессор-оқытушылар құрамының еңбектері, электронды оқулықтар, арнайы оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер жинағы, мәліметтер базасы (мультимедиялық энциклопедиялар, сөздіктер) жинақталады.
Заман талабына сай ғылым мен білім беру үрдісін дамытуда, АББО электронды ақпараттық ресурстарды қолдау көрсету жүйесін белсенді түрде атқаруда, барлық оқырмандарға қажетті материалдарды іздеп табу үшін және олардың жұмысына жайлы жағдай жасалу үшін белсенді қызмет атқарып келеді. Университеттің интернетке қосылуы аясында кітапхананың жергілікті компьютерлік желісі құрылған, пайдаланушыларға арналған электронды оқу залы бар.
Ақпарат кеңістігін кеңейту арқылы жаңа компьютерлік технологиялар мен қызметтер енгізіліп, ол жетілдіріліп отырады, кітапхананың негізгі кітапханалық үрдістерін автоматтандырудың бағдарламалары жасалып, техникамен жабдықталған, электрондық каталогтардың мәліметтер базасы құрылып, «ИРБИС-64» бағдарламасымен жұмыс жүргізілуде. Бұл электронды каталогтардың білімгерлердің оқу-іздену үрдісінде тигізетін үлесі зор, өйткені ол кітапхана қорындағы бар құжаттар туралы мәліметті жедел алуға, тақырып бойынша керекті оқулықтардың тізімін іріктеуге, жаңа түскен кітаптар мен газет-журналдарда жарияланған мақалалар туралы мәліметті жылдам тауып алуға мүмкіндік береді және оқырманның уақытын үнемдейді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда университет білімгерлері, оқытушылар мен қызметкерлері үшін электронды оқу залының қызметін пайдаланумен қатар, интернетті тегін пайдалану, отандық электрондық кітапханалардың қорын кең көлемде және еркін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Ол жоғары оқу орындары Ассоциациясының Республикалық ЖООА Электронды Кітапханасымен (РМЭБ) 2014 жылдан бастап келісім-шарт жасалып, оқу үрдісіне қажетті ақпараттарды алуға, олардың кітап қорын толық пайдалануына да қолайлы жағдай жасалған. Университетіміздің Web-сайты арқылы кітапхананың электронды каталогтар дерекқорына кіру, ақпараттық ресурстарын, РЖОО аралық электронды кітапханасын (РМЭБ) пайдалануға мүмкіндік бар. Электронды оқу залдарында арнайы компьютерлер орнатылып, интернетке кіру мүмкіндігі тегін.
Деректер базасымен келісім-шарттар түзу негізгі оқылатын бағдарламалар шеңберінде университет оқытушы-профессорлары, доктаранттары, магистранттары мен студенттері үшін ең соңғы әдебиеттерді ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық нұсқадағы, сандық тасымалдағыштағы материалдарды студенттердің өз сұранысы негізінде жеке электронды пошталарына жіберу мүмкіндіктері жасалған. Жылдан-жылға заман талабына сай электрондық оқулықтарға сұраныстың көбеюіне байланысты, электрондық кітаптардың қоры да ұлғаюда.