Жакипбаев Бибол Ермуратұлы
Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор

Email: bibol.ye.zhakipbayev@mail.ru
Кеңсе: 216 кабинет, А корпусы, Тоқаев көшесі, 27а

Жакипбаев Бибол Ермуратович – 1984 жылы 4 қазанда Қазақстан, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Білімі: Жоғары.
М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі:
- 2001-2006 жж. "Баяу балқитын металл емес және силикат материалдарының химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасының бойынша маманы;
- 2006-2007 жж. "Баяу балқитын металл емес және силикат материалдарының химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасының бойынша магистратура;
- 2010-2013 жж. "Баяу балқитын металл емес және силикат материалдарының химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасының бойынша PhD докторантура.
- 2013 ж. PhD докторлық диссертациясын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қорғау (Алматы қ.)

Жұмыс өтілі:
2007-2008 жж. – "Састөбе Цемент" ЖШС, "SAS-TobeTechnologies"ЖШС цемент зауытында сапа жөніндегі инженер
2008-2010 жж. – М. Әуезоват. ОҚМУ "Силикаттар технологиясы және минералдар синтезі" кафедрасының аға оқытушысы
2013-2014 жж. – М. Әуезов ат. ОҚМУ "Силикаттар технологиясы және минералдар синтезі" кафедрасының PhDдокторы, аға оқытушысы
2014-2018 жж. – М. Әуезов ат. ОҚМУ "Цемент, керамика және шыны технологиясы" кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы
2017-2019 жж. – М. Әуезов ат. ОҚМУ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы
2018 ж. – Қазақстанныңжаспедагогтар-ғалымқауымдастығыныңмүшесі
2018 ж. – Қазақстанныңжасғалымдаральянсыныңмүшесі
2019 ж. – "Халықаралықпедагогикалықшығармашылық пен ғылымдыдамытудықолдауқоры" қоғамдыққорының корреспондент-мүшесі
2019 ж. – SILKWAY Халықаралық университетінің "Іргелі және қолданбалы зерттеулер" ғылыми-зерттеу институтының директоры(Шымкент, Қазақстан)
2020-2021 жж. - М.В. Ломоносов ат.ММУ-де "Болашақ" Халықаралық бағдарламасы бойынша бір жылдық тағылымдама
2021 ж. қазіргі уақытта – SILKWAY Халықаралық университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры (Шымкент, Қазақстан)
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары педагогика мен психология, құқықтану, экономика және жаратылыстану ғылымдарының басымды салаларындағы негізгі ғылымдар мен қолданбалы ізденістерді дамытуға бағытталған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарын таңдау саясаты университеттің материалды-техникалық және кадрлық әлеуетін барынша қолданудан көрінеді. Ғылыми жобалардың тақырыптары аймақтық экономикалық интеграциясы, экономикалық және технологиялық өсуі, компьютерлік үлгілеу мен педагогикалық технологияларды қолдану т.б. аясындағы аймақтық және республикалық мәселелерді қамтиды. Университет қызметкері, білім алушылары мен ПОҚ университеттің ҒЗЖ саласындағы саясатынан хабардар етілген.
Университетте-зерттеу жұмыстарының 2019-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму жоспары жасалған. Жоспар негізінде жыл сайын ҒЗЖ-ның тақырыптық жоспарлары құрылады. Ғылыми жобалардың тақырыптары Оңтүстік Қазақстан облысы мен Республиканың экономикалық, математикалық, ақпараттық-аналитикалық, тарихи, биологиялық және басқа да өзекті мәселелерін қамтиды. Орта есеппен, жыл сайын СҒЗЖ-на күндізгі оқу бөлімінде білім алушылардың жалпы контингентінің 60% студенті қатысады.
Университеттің ғылыми-білім беру үдерістерінің барлық аспектілеріндегі халықаралық ынтымақтастық – оның іс-әрекетінің басымды бағыттарының бірі. Оқу орны Қытай, Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан тб. Білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдары, университеттермен екі жақты ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы ресми келісім-шарттары бар.
Университеттің ғылыми-зерттеу іс-әрекеті айтарлықтай жоғары әрі сапалы деңгейге көтерілді. Университет ғылым мен оқу үдерісі арасындағы өзара байланысқа көңіл бөлген. Ғылыми зерттеулердің басымды бағыттары – педагогика, экономика, құқық және техника салалары. Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып, Web of Science, «Scopus» базасына енген нөлдік емес импакт-факторлары бар халықаралық журналдарға ғылыми мақалалар жарияланып отырады. Шетелдік басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар мен ғалымдардың ғылыми-зерттеулері – университет рейтингіндегі басты критерийлердің бірі.
Made on
Tilda