Шетел студенттеріне
I. SWIU-ға қалай жетуге болады:
Шымкент қаласының әуежайынан

№12 Автобус тікелей әуежайдан орталық саябаққа дейін шығады (МБО/Мега аялдамасында шығып, Саябақпен Түркістан көшесіне дейін бару қажет. Университеттің бас ғимараты , Орталық саябаққа қарама-қарсы орналасқан).

Сіз университетке SHYMTRANS таксиімен жете аласыз +77077003333

Теміржол вокзалынан
№ 96, 65, 17б, 147 Автобус автовокзалдан орталық саябаққа дейін тікелей шығады (МБО/Мега аялдамасына шығып, Саябақпен Түркістан көшесіне дейін бару керек. Университеттің бас ғимараты Орталық саябаққа қарама-қарсы орналасқан).
⦁ Келгеннен кейінгі алғашқы қадамдар:
⦁ Келгеннен кейін шетел азаматтарын жатақханаға орналастыру және көші-қон тіркеуі жөніндегі қажетті нұсқаулықты алу үшін SILKWAY Халықаралық университетінің Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына (бас ғимараты : Тоқаев көшесі, 27 "А", 114-кабинетте орналасқан) хабарласу қажет.
Анықтама телефоны: + 77252 984002
Е-mail: international_office@swiu.kz
⦁ SWIU студенттер үйі (жатақхана):
Шетелдік студенттер үшін Wi-Fi, үлкен оқу залы, асхана және жаттығу залымен жабдықталған жайлы жатақхана беріледі.
Жатақхана орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, 21 ш / а. , Амангелді көшесі 17а.
⦁ Шетел азаматтарын тіркеу:
⦁ Алыс шетел студенттері үшін
- Визаны Қазақстан Республикасына келгенге дейін ресми өкілдіктен алу қажет.
⦁ Жақын шетел студенттері үшін:
- Паспорттың міндетті түрде болуы;;
- Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Көші-қон қызметінде тіркеу;
-Тіркеу қалаға келгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс;
- Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының маманы Нүсқабай

Мұхтар Арыстанбекұлы (кабинет 114, моб.: +77470163510).

⦁ * Бакалавриат бойынша мамандықтар тізімі:

⦁ Перечень специальностей по магистратуре:
⦁ Университетке түсу үшін қажетті құжаттар:
⦁ Төлқұжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі) - 2 дана;
⦁ Орта білім туралы Аттестат немесе диплом қосымшасымен (нотариалды куәландырылған көшірмесі) - 2 дана;
⦁ Фото 3х4-6 дана;
⦁ ҚР –да 086 және тұрғылықты жері бойынша 063 нысандағы медициналық анықтама;
⦁ Білім туралы құжаттың апостилі;
⦁ Құжатты нострификациялау.
⦁ Таныстыру апталығы:
⦁ Танысу апталығы кезеңінде студенттер университетпен танысады, оқу процесі туралы практикалық ақпарат алады (сабақ кестесі, КБАЖБ пайдалану туралы ақпарат және т.б.).
⦁ Оқу аптасы кезінде студенттер факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен және кураторлармен танысады.
Шымкент қаласының қызықты орындары
Тәуелсіздік саябағы
Ордабасы Алаңы
Дендро саябақ
⦁ Сауда-ойын-сауық орталықтары:
- Shymkent Plaza (Аль-Фараби алаңы);
- Mega Planet Shymkent (Қонаев-Тәуке хан көшелерінің қиылысы);
-ТЦ Береке (Қонаев-Тәуке хан көшелерінің қиылысы);
- ТЦ Рахима плаза (Нурсат шағын аудан);
- ТЦ Баян-Сулу (ескі автовокзал);
- ТЦ Фиркан сити (Тәуке хан көшесі 334);
⦁ Банктік қызметтер:
- Каспи банк (Ш. Қалдаяқов көшесі н/ж);
- Народный банк (Аль-Фараби көшесі);
- Сбербанк (Қонаев-Түркістан көшелерінің қиылысы);
⦁ Төтенше жағдайлар үшін телефон нөмірлері:
- Өрт қызметі -101
- Полиция -102
- Жедел медициналық көмек - 103
- Құтқару қызметі -112
- Анықтама қызметі - 09/118

⦁ Қысқаша тілашар:

Университет: Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі 27 «А» мекен-жайда орналасқан
Made on
Tilda