ТӘРБИЕ ІСІ ЖӘНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІ
Төлебай Бекзат Октябрьұлы
Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директоры м.а.
Экономика ғылымдарының магистрі
Байланыс номері: + 7 747 829 73 03 E-mail: b.tollebaev@mail.ru
Instagram: @b.tollebaev










«Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің негізгі міндеттері

1. Сапа саласындағы Silkway Халықаралық университеті Саясатын және Мақсаттарын жүзеге асыру;

2. Сапа менеджменті талаптары мен сапа жүйесінің міндеттемелерін орындау;

3. Университеттегі қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің, ҚР БжҒМ қоғамдық сананы жаңғыртудың мәселелері бойынша (бағдарламалық мақалалар, оқу-әдістемелік және ақпараттық хаттар) талаптарын сақтау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау;

5. Интелектуалды ұлттың қалыптасуы, оның өкілдері контекстік интеллект (адамның білім алу қабілеті және оны өз игілігі мен қоғам үшін игере білуі), эмоционалды интеллект (адамның эмоцияларды тани білуі, өзгелердің ниеттері мен көңіл-күйін және пиғылын, практикалық мәселелерді шешу үшін басқа адамдар эмоциялары менөз эмоцияларын түсінуі), рухани және физикалық ақыл-ойды (адамның өз денсаулығын сақтау қабілеті), яғни, прагматикалық белсенді, бәсекеге қабілетті, ұлттық ерекшелікті сақтай білетін, білімге табынушы, санасы ашық және Қазақстанның эволюциялық дамуына лайық болуы керек;

6. Қоғамдық сананы жаңғырту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін университеттің ПОҚ жобалық жұмыстарын ұйымдастыру және ғылыми қамтамасыз ету;

7. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша факультеттер, жоғары мектепке жауапты қоғамдық ұйымдастырушылардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау;

8. Университет ПОҚ дайындаған жобаларды қоғамдық негізде қарау бойынша университеттің сараптамалық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

9. Университет спикерлерінің пулы жұмысын медиакестенің қоғамдық негізінде ұйымдастыру;

10. Университетте қоғамдық сананы жаңғыртуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу;

11. Қоғамдық сананы модернизациялау мәселелері бойынша Шымкенттің, Түркістан облысының және республиканың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық;


Студенттік бастамалар орталығы
СТУДЕНТТІК КЕҢЕС
Студенттік кеңес – университет ішіндегі ең жоғарғы атқарушы студенттік ұйым болып саналады. «Студенттік үкімет» жұмысы тікелей университет әкімшілігімен қадағаланады. Айына бір рет «Студенттік өзін-өзі басқару» күнін өткізеді. Өз лауазымды тұлғалары, құрылымы, жоспары бар және оқу жылының басында университет ректорымен бекітіледі. Сонымен қатар, университет айналасындағы барлық іс-шараларға белсенді атсалысады.
«ЖАС ОТАН» ЖҚ
«Жас Отан» ЖҚ – «Нұр Отан» ХДП жанынан құрылған жастар ұйымы. Бұл жас саясаткерлер мектебі. Оқу орнымызда 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Университет ішінде тәртіп, тазалық мәселелеріне, сондай-ақ, студенттердің іс-қағаздарды жүргізе білуіне назар аударады.
«ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛЬЯНСЫ» РСҚ
Қазақстан Студенттер Альянсы – келесідей қызметтерді жүзеге асырады:
- студент жастардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы;
- студенттерге патриоттық сезімді қалыптастыру және жетілдіру;
- жастар арасында жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру;
- студент жастардың интеллектуалды әлеуеттерін жетілдіру;
«ДОСТЫҚ» КЛУБЫ
«Достық» клубы – оқу орнымыздағы түрлі этностардың басын біріктіретін ұйым болып табылады. Жастарды ұлтына, нәсіліне, сеніміне қарамастан баршамен тең дәрежеде білім алуға құқылы екендігін насихаттайды. Сонымен қатар, әр ұлттың мерекесіне орай түрлі іс-шаралар өткізеді.
«SILKWAY» ЖАЙДАРМАН ТОБЫ
«Silkway» жайдарман тобы – университет жанынан құрылған көңілді тапқырлар командасы. Қалалық, облыстық және республикалық жайдарман ойындарының бірнеше дүркін жеңімпаздары. 2018-2019 жылдары Алматы қаласында өткен «Республикалық Премьер-лига» және «Республикалық А лигасында» өнер көрсетіп, финалист атанды. Сайыстар «Қазақстан» Ұлттық арнасы және «Тамаша-ТВ» телеарнасының эфирінен көрсетілді.
«ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР» ПІКІРСАЙЫС КЛУБЫ
«Жалынды жастар» пікірсайыс клубы -2011 жылы «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқтушысы Чинибаева Г.Д. жетекшілігімен құрылды. Басты мақсат - SILKWAY Халықаралық университетінің студенттер арасында пікірсайысты дамыту, оны тарату.
Рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, саяси сауатты, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастардың, жаңа буынының қалыптасуына ықпал ету.

Студенческий совет
Тасқожа Ділбар
Студенттік ректор
Сманқызы. Педагогика факультетінің 4 курс студенті.
Телефон: +7 747-463-05-35
Жақсыбекова Әсем Мейрамбекқызы
«Жас Отан» ЖҚ –Төрайымы
Филология факультетінің 3 курс студенті.
Ғанибай Фарида Камалиддинқызы
«ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛЬЯНСЫ» РСҚ–Төрайымы
Филология факультетінің 2 курс студенті.
Телефон: +7 771-364-33-69
Made on
Tilda