"Тілдік пәндер" кафедрасы
1992 жылы қазақ тіл және қазақ әдебиеті кафедраларының негізі қаланды. 1992-1999 жылдар аралығында Қазақ филологиясы кафедрасын Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы, Қазақ әдебиеті кафедрасын ф.ғ.д. Сыздықов Керімбек Сыздықұлы басқарды. Аталған кафедралар 2007 жылы біріктіріліп, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы деп аталды. Кафедраны ф.ғ.к. Темірбекова Гүлжамила Қамбарбековна басқарды. 2014 жылдан бері кафедра атауы Тілдік пәндер кафедрасы деп өзгертіліп, филология ғылымдарының кандидаты Бейсенбаева Раушан Хамзақызы басқарып келеді. 2019-2020 оқу жылында Тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Ақылбаева Гүлнар Исламқызы тағайындалды. Осы күнге дейін мамандық түлектері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының бакалавры дәрежесіне ие болып, еліміздің барлық аймақтарында жоғары және жалпы білім ордаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп келеді.

Кафедра келесі мамандарды дайындайды:

5В011600-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл

5В011700-«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл
Кафедрада 22 оқытушы 1 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 8 магистр, 3 аға оқытушы жұмыс істейді
Ғылыми-зерттеу жұмысы
SILK WAY Халықаралық университетінде 27-28 қарашасында өткен Ғылыми жобаларды қаржыландыру конкурсына Тілдік пәндер кафедрасынан «Махмуд Қашғаридың «Диван Луғат ат-Түрк» (ХІ ғ.) еңбегі тіліндегі этномәдени атаулар және олардың қазіргі қазақ тіліндегі көріністері» атты жоба ұсынылды.

Жоба жетекшісі Г. Темирбекова ф.ғ.к., доцент, қазақ тілі бойынша кандидаттық диссертация қорғаған лингвист-маман. Орындаушылар: Акилбаева Г.И. - ф.ғ.д., доцент м.а., Сауранбекова Г.Б. - гуманитарлық ғылымдар магистрі,оқытушы., Өсербаева Айнұр Маханбетқызы, гуманитарлық ғылымдар магистрі,оқытушы., Талапбек Әйгерім – Silkway халықаралық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс магистранты., Бықыбаева Гүлнара – Silkway халықаралық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты., Бекмұхамед Сымбат Пазылханқызы, Silkway Халықаралық университеті «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті., Есентай Индира – Silkway халықаралық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті.

Жобаның орындалу мерзімі – 2 жыл. Гранттық қаржыландыру бойынша 2 жылға сұралатын жалпы сома (шығындар сметасы) – 2 000 000 мың теңге.

Жобаның мақсаты – ортатүркі жазба ескерткіші «Диван Луғат ат-Түрк» тіліндегі этномәдени атаулар жүйесін қазіргі қазақ тілімен тарихи-салыстырмалы, тілдік-танымдық аспектіде қарастыру болып табылады. Сөздік құрамына қарай қыпшақ-оғыз, оғыз-қыпшақ тілдеріне тән делініп жүрген орта ғасырлық жазба мұралар тіліндегі арнайы лексика-семантикалық топтарды тарихи-салыстырмалы аяда жан-жақты қарастыру, ол ескерткіштерге қазіргі түркі тілдерінің қатыстылық деңгейін кешенді түрде арнайы зерттеу нысаны етіп алу жобаның мақсатын айқындайды. Этномәдени атауларға қатысты материалдар танымдық-тақырыптық тұрғыдан топтастырылып, өз кезегінде, қазіргі түркі тілдерінің лексикалық материалдарымен де салыстырылып беріледі.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы – XI ғасырдан жеткен Махмұд Қашғаридың «Диван Луғат ат-Түрк» (1074) еңбегіндегі этномәдени атаулар, қазіргі қазақ тілі лексикасымен сабақтастықта қарастырыла отырып, өзіндік ортақтықтары мен ерекшеліктері анықталады. «Түркі тілдерінің энциклопедиясы аталған» Махмұд Қашғари еңбегі тіліндегі этномәдени атаулар түркологияда мұндай аспектіде әлі қаралған жоқ. Жекелеген түркі тілдеріндегі этномәдени лексика ғалымдардың зерттеу нысаны болғанымен, тарихи жазба ескерткіштерде көрініс тапқан тілдік-мәдени материалдардың қазіргі түркі тілдерімен тарихи-салыстырмалы, тілдік-танымдық тұрғыдан ғылыми-зерттеу нысанына айналуын жаңа бағыт деуге болады.

Б.С.Юнусов атындағы Білім гранты байқауы - 2019
2019 жылдың 10-24 қазан аралығында Silkway халықаралық университетінде студенттер, магистранттар, докторанттарға арналған университеттің негізін салушы Б.С.Юнусов атындағы Білім гранты ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Бұл байқау оқу орнымызда 2017 жылдан бері дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді.

2019-2020 оқу жылының байқауына 70 үміткер қатысып, үш кезеңнен тұратын тапсрмаларды орындады. Биылғы жыылы Білім гранты санын екі есеге арттырып, ғылыми жобаларды қорғау нәтижесінде 15 грант бакалаврға, 1 грант магистратураға, 1 грант докторантураға берілді. Осы 15 грант иегері атанған студенттердің үшеуі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығыының студенттері.

1. Жақсыбекова Әсем «Қазақ тілі сабақтарындағы тыңдалым және оқылым дағдысының маңызы».

2. Есентай Индира «Көне түркі тіліндегі сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктері».

3. Атажиева Диляра «Абай мен Мағжан шығармаларындағы «көңіл» лексемасының ерекше қолданысы».

Бұл студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасаған филология ғылымдарының кандидаты Ақылбаева Гүлнар Исламқызы. Грант иегерлері енді оқуын тегін жалғастырып, шәкіртақы алатын болады.

21.09.2020 «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыырған, Республикалық Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен студенттер арасында олимпиадасының жеңімпазы 2 дәрежелі дипломмен 116-91 тбының студенті Құрбанов Ал-Бухарий Султанбекұлы марапатталды, Жетекшісі:Раймбекова Х.А.
03.12.2020 жылдан 10.12.2020 жылға дейін "Үздік ғылыми жоба конкурсы" халықаралық шығармашылық конкурстарына қатысқаны үшін Курбанов Ал-Бухари Султанбекович, 116-91 тобының студенті Сапаралы Айжан, жетекшісі: Темірбеков Ж. К. Раймбекова Х. А. I дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылдың 12-жұлдызы күні Silkway Халықаралық университеті Филология факультеті Тілдік пәндер кафедрасы ұйымдастырған oқушылар арасындағы пәндік олимпиада Бәйдібек ауданындағы мектеп оқушылары арасында өткізілді.
Оқушылардың пәндік олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін Silkway Халықаралық университеті ректорының бұйрығымен ұйымдастыру комитеті құрылған.

Қазылар төрайымы:

Ниязбекова С.Ж. - Silkway Халықаралык университетi, филология факультетінің деканы.

Мүшелері: Акылбаева Г.И. - ф.ғ.к., доцент м.а, Silkway Халықаралык университетi, "Тілдік пәндер" кафедрасының меңгерушісі, Көпбосынов М.А. - ф.ғ.к., Silkway Халықаралык университетi, "Тілдік пәндер" кафедрасының доцент м.а., Нұсқабай М.- магистр, Silkway Халықаралык университетi, "Тілдік пәндер" кафедрасының аға оқытушысы.,Әбдіғаппар А.Т. магистр, Silkway Халықаралык университетi, "Тілдік пәндер" кафедрасының аға оқытушысы.

Олимпиадаға қатысқан мектептер:

Қарақұм ЖОМ

Қ.Спатаев ЖОМ

Көкарал ЖОМ

Б.Төленбаев ЖОМ

М.Жұмабаев ЖОМ

Төрткүл ЖОМ

Олимпиада 2 кезең арқылы өтті. 1- кезеңге 37 оқушы қатысты,оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен тест тапсырмаларын орындады. 2-кезеңге тест бойынша 30 ұпайдан асқан төмендегі 12 оқушылар өтті.

1.Пернебаева Айнұр

2.Айтбай Санжар

3.Қоңқабай Аружан

4.Құлмаханбет Нұрхат

5.Төресұлтан Дариға

6.Өмірзақ Мадина

7.Жұмаханқызы Сағида

8.Нұрмахан Бейбарыс

9.Елемес Назерке

10.Ілесбек Аружан

11.Қарабай Әсел

12.Сұлтанбек Дильнора

2- кезеңде оқушылар үш тақырыптың біріне эссе жазды. Жазбаша жұмыс төрт критерий бойынша ең жоғары 30 ұпаймен бағаланды:

1) Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай;
2) Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай;
3) Жазылу сауаттылығы – 10 ұпай.
Эссе тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалды. Оқушыларға мынадай тақырыптар ұсынылды:

Мағжан поэзиясындағы ұлттық рух.
Жүсіпбек – әңгіме шебері.
Тұманбай поэзиясындағы сыршыл әуен.
Сәкен Сейфуллиннің сыршыл поэзиясы.

Тәуелсіздік - тұғырым.
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.

Қай тақырыпты таңдаса да жан-жақты ашып, өлең үзінділерін, шешендік сөздерді дәйекке ала отырып, көркем тілмен жазып шығу керектігі айтылды.

Пәндік қазылар алқасының шешімімен берілген тапсырмалар қорытындысы бойынша үш жүлделі орын тағайындалды.

Бірінші орын иеленген оқушы Жұмаханқызы Сағидаға Silkway Халықаралық университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті Білім беру бағдарламасына университет президентінің атаулы гранты берілді.

Олимпиадалардың екінші орын иегері Сұлтанбек Дильнора және үшінші орын иегері Төресұлтан Дариғаға Silkway Халықаралық университеті ректорының алғыс хатымен, сыйлықтармен марапатталды.


Оқу-әдістемелік жұмыс
«Тілдік пәндер» кафедрасында оқу- әдістемелік жұмыстар кафедрада бекітілген жылдық жоспар барысында атқарылып келеді. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – жаңа технологияларды пайдалану болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді, сондықтан да оқу- әдістемелік жұмыстардың барысында біз осы мәселені тілге тиек етеміз. Жаңа технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты – білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан да сабақтарда жаңа техникалық құралдардың түрлері аудио және видео материальдар пайдалана отырып өтеді. Осы орайда оқытушылар құрамы бекітілген жылдық жоспар бойынша бір – бірінің сабақтарына еніп, ашық сабақтар ұйымдастырып, талқылап отырады.

« Тілдік пәндер» кафедрасында 2019 жылы 22 қазанда кезектегі оқу- әдістемелік семинар болды . Г. Парменкулова, С.Ниязбекова « Обновление содержания образования: ориентир на будущее » деген тақырыпта баяндама жасады. Бұл баяндамада «Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан- жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын,біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екенін айтып өтті.

2019 жылы 23 желтоқсан күні «Тілдік пәндер» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Г.Қ.Темірбекова «Қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды қолдану тәжірибесінің тиімділігі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді. Семинарда ЖОО-дағы оқытудың белсенді әдістеріне тоқталып, ойынның түрлеріне сипаттама жасады. Ойын түріндегі әдістерге: 1. Сергіту ойындары; 2. Лексикалық ойындар; 3. Фонетикалық ойындар; 4 . Коммуникативтік ойындар; 5 Сюжеттік-рөлдік ойындар; 6. Дидактикалық ойындар; 7. Іскери ойындар; 8. Рөлдік өйындар; 9.Тренинг деп жіктеп, түсініктеме берді. Интерактивті тақтада сабақ үлгілерін көрсетті.

2020жылы 19-ақпанда «Тілдік пәндер» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Л.К.Яковенко Теоретическая и методическая составляющая дисциплины. « Основы профессиональной деятельности»деген тақырыпта, ал 2020 жылы 18-сәуір күні Х.А. Раймбекова «Кредиттік білім беру жүйесіндегі студенттердің өзіндік жұмысының маңызы» деген тақырып бойынша баяндама жасап оқу- әдістемелік семинар белгіленген жоспар бойынша болып өтті. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Жаңартылған білім мазмұны белсенді оқыту арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын ояту. Жаңартылған оқу бағдарламаларында пәннің мазмұны және мақсаттары мұғалімдер үшін бірізділігімен тиімді. Бағалаудың жетістік критерийлері де өте жақсы қамтылған.

Кафедрада Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған. Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-әдістемелік үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
23.11.2020 ж. Silkway Халықаралық университетінің студенттері мен Анкара университетінің шетелдік студенттерінің қатысуымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өткізілді. Іс-шараға Севиль Пириева Караман бастаған Анкара университетінің бірқатар профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ шетелдік студенттер қатысты. Ұлы ақынның әндері, қара сөздері, өлеңдері қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде орындалды.
Біліктілігін арттыру туралы
14 қаңтар 2021 жылы сағат 12.00 де- филология факультетінің Тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім мазмұны әдебиет сабағында» тақырыбында мастер-класс сабағы өткізілді. Сабақтың қонағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Керимбекова Фатима Қайратқызы.

Фатима Қайратқызы жағартылған бағдарлама білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным үрдістерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталғандығын ерекше атап өтті. Кафедра оқытушылары мастер-класс сабағына толық қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Оқу ұзақтығы-2 апта, 72 сағат

Білім алу нысаны – күндізгі, өндірістен қол үзіп

Өтетін орны – Гомель мемлекеттік университеті Беларусь Республикасы, Ф. Скорина атындағы

Нәтижесі-біліктілікті арттыру туралы куәлік

04.03.2019 – 13.03.2019 ж. аралығында тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары - Ниязбекова С.Ж., Парменкулова Г.А. "қазіргі кезеңдегі педагогикалық менеджмент саласындағы шеберлікті жетілдіру" бағдарламасы бойынша "Ф.Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті" білім беру мекемесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында біліктіліктен өтті және келесі бөлімдер бойынша 72 оқу сағаты көлемінде біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасының оқу-тақырыптық жоспарын:

1. Оқу процесін басқару психологиясы-22 сағат.

2. Білім беру процесінің менеджменті-50 сағ.

Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту мақсатында бірлескен жарияланымдар, ғылыми жобалар, Білім және ғылым саласындағы озық тәжірибемен алмасу туралы талқыланды. Университетте болған кезде біз үшін скоринин кабинетіне, поляк тілі кабинетіне, иврит және Израиль мәдениетін зерттеу кабинетіне, русистика орталығына, қытай тілін оқыту орталығына және Конфуций институтының бір кабинетіне бару арқылы экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, біз әдеби мұражай мен "патриотизм"әдеби-ағарту орталығына бардық. Аталған ЖОО студенттері мен кездесу ұйымдастырылып, "Sand play" психологиялық шеберханасының жұмысымен танысты, студент-психологтар тобы нашар еститіндерге арналған мектепте болып, ЖОО студенттері оқушыларға психологиялық қойылым көрсетті.

ГМУ ректоры Сергей Хахомовпен әңгімелесу барысында тараптар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту мақсатында жоғары оқу орындары жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпаратпен алмасты, оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметінің ерекшеліктері туралы әңгімеледі, ГМУ мен SILKWAY Халықаралық университеті арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Филология факультетінің деканы Елена Полуянмен бірге бірлескен жарияланымдар, ғылыми жобалар, Білім және ғылым саласындағы озық тәжірибемен алмасу, академиялық алмасу, тағылымдамалар, бейнеконференциялар өткізу, бірлескен ғылыми жинақтар шығару мәселелері талқыланды.

Біз жеке жоспарда жоспарлаған біліктілікті арттыру кестеге сәйкес орындалды. Ф. Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университетінің әріптестерімен ұзақ және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.
2021 жылы 13-қаңтар күні Silkway Халықаралық Университетінде Филология факультеті Тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен "Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдықтың бастауы" тақырыбында мастер-класс сабағы өткізілді. Сабақтың қонағы «Өрлеу» БАҰО АҚ тренері біліктілікті арттыру орталығы Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Керимбекова Фатима Кайратовна. Жаңартылған оқу бағдарламасының негізінде педагогикалық шеберлікті шыңдау және критериалды бағалау жүйесін енгізу мақсатында біліктілікті арттыру курстарын жүргізді.

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негізін қалау- біздің, филолог-мамандардың міндетті ісі.

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылар мен студенттер болашақта өмірлік маңызды мәселелерді шешуде көмектесетін айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеретіндігін жеткізді.

Адам толыққанды қарым-қатынас жасау үшін келесі қабілеттері болу керек: қарым-қатынас жағдайына тез және дұрыс икемделу; айтатын сөзін сауатты жоспарлау; жан-жақты болу; өз ойын толыққанды жеткізуге амал табу және кері байланыс орната білу.

Тренеріміз Фатима Кайратовна ұстаздарды курстың оқу материалдарына қызықтырғаны соншалық, бізде оқуға және білімімізді жетілдіруге деген тілек оты жаңа күшпен жанданды.

Ұстаздар керемет әсер алып, алғысын жеткізді.
Тәжірибе және жұмысқа орналастыру
Оқу практикасының негізгі мақсаты – студенттердің оқу-тәрбие үдерісін бақылай алу және талдай алу қабілеттерін жүзеге асыру, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының мәні мен логикасын түсіндіру.
Оқу практикасы студенттердің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен және педагогикадан арнайы білімдерін толықтырып, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде тиімді қолдануға дағдыландырады. Болашақ мұғалімдердің бойында педагогикалық білікті және дағдыларды, жеке тұлғалық кәсіби мәнді сапаларды қалыптастырып, студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтарын, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік сезімдерін тәрбиелейді. Педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуге жаттықтырады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін және жеке тұлға ретінде зерттеуді меңгереді.
Оқу практикасында студент педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың барлық деңгейлерінен өте алады.
Студенттердің практикасына жетекшілікті кафедраның тәжірибелі оқытушылары мен жоғары мамандандырылған практика қызметкерлері жүзеге асырады.
Университет атынан практиканы ұйымдастыру мен өткізуге жалпы жетекшілік пен бақылауды университеттің оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг жүргізу және бақылау бөлімі жүзеге асырады.

Педагогикалық практиканың мақсаты болашақ педагогтардың педагогикалық шеберлік дағдысы мен икемін қалыптастыру және жеке тұлғалық тұрғыдан дамытады. Болашақ ұстаздың мектеп тəжірибесінде оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, сондай-ақ, жеке пəнді оқытуға педагогикалық ықпал жасауда оның психология ғылымынан алған теориялық білімін практикада қолдануға мүмкіндік туады. Студенттердің теориялық және практикалық білімдерін теориялық пәндердің әдістемелерін оқытуда қолдануларын жүзеге асырып, оқушылармен психологиялық-тәрбиелік жұмыстар жүргізу әдістемесін қалыптастырады. Білім алушылар оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істей алу қабілетін дамыта отырып, оқытуда және тәрбиеде алға қойылған міндеттерге сәйкес дәстүрлі, жаңа (оның ішінде, интерактивті) әдістер мен тәсілдерді пайдаланудың жолын меңгереді. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын, сондай-ақ тәрбиелік іс шаралар өткізуді, жоспарлау қабілеттерін жетілдіреді. Педагогикалық практика кезінде сынып оқушыларын психологиялық тұрғыдан зерттеу, болашақ мұғалімнің бала дамуын жəне оның жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауға, оған психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дұрыс, оңды ықпал жасауға жəне олармен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді жолдарын табуды үйренеді. Студент – педагогикалық практика кезінде жоғары оқу орны қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларын мектеп іс- тəжірибесінде алғаш қолданады, оны іс-жүзіне асырады.
Халықаралық қызмет және академиялық ұтқырлық
SILKWAY халықаралық университеті, филология факультетінің Тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., доцент м.а. Р.Х.Бейсенбаева, ф.ғ.к., доцент м.а. Г.И.Ақылбаева 20.01.2020 - 25.01.2020ж. күндер аралығында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетіне академиялық ұтқырлық бойынша және біліктілігін арттыру мақсатында барып қайтты.
Университеттің филология факультетінің 2 курс студенттеріне лекциялар оқып, тәжірибе алмасты.
Атап айтсақ, ф.ғ.к., доцент м.а. Р.Х.Бейсенбаева «Абайтану» курсынан, ф.ғ.к., доцент м.а. Г.И.Ақылбаева қазақ тілінің «Фонетика», «Синтаксис» салалары бойнша арнайы лекциялар оқыды.
«Современные тенденции в образовании, педагогические технологии и инновации» тақырыбында біліктілікті жоғарылату бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде курсқа қатысып, нәтижесінде сертификат берілді.

Марапаттар мен жетістіктер
«БІЛІМ-ӨРКЕНИЕТІ»ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының бірігіп өткізген , Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік педагог-2019» атты республикалық байқауының салттанатты марапаттау рәсімі болып өтті.Аталмыш байқауда отандық ғалымдар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к. Ақылбаева Г.И., ф.ғ.к. Темірбекова Г.Қ., аға оқытушы Х.А. Раймбекова қатысып І дәрежелі алғыс хатпен, төс белгімен марапатталды.

Тәрбие жұмыстары
Silkway халықаралық университеті филология факультетінің тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың мерейтойына арналған «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп ...» атты әдеби – сазды кеш өткізілді.

Негізгі мақсат – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын, ақынның лирикалық өлеңдері мен қара сөздерін насихаттау.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс, 117-61-62 тобының студенттерінің қатысуымен өткізілді. Белсенділік танытқан студенттер: Ақжол А., Алимбаева С., Нарметова Д., Анарбек Ұ., Айту А., Елубай Ж., Туйчибекова А., т.б.

«Ұлы Абай мұрасы – өскелең ұрпақты рухани жаңғыртушы әлеует» атты кезектен тыс семинар

20 қараша күні SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Абай мұрасы – өскелең ұрпақты рухани жаңғыртушы әлеует» атты кезектен тыс семинар онлайн өтті.

Семинардың мақсаты-қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезімді, өз халқының тарихына қатыстылығын қалыптастыру, дарынды жастарды олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруда анықтау және қолдау көрсету.

Аталған семинарға жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттары қатысып, Абай Құнанбаевтың Абай ілімі мен білімінің маңыздылығына тоқталды.

Семинардың басын кіріспе сөзімен топ кураторы филология ғылымының кандидаты, тілдік пәндер кафедрасның доценті Мақсат Көпбосынұлы бастап берді. Бұдан әрі «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының М016-20 топтың магистранты Арыстанов Бауыржан «Абай поэзиясының орта түркілік әдебиетпен сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасап, Абай шығармашылығына әсер еткен түркілік өркениет туралы айтты. Хәкімнің шығармашылығын Алтын орда дәуірі мұраларымен байланыстыра зерттеу, оның тақырыптық, идеялық үндестігін, тілдік деректерді терең талдау қажеттігі жайлы пікірлерімен бөлісті.
«Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері» атты семинар

27 қараша күні SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
« Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері» атты онлайн- семинар өтті.

Семинардың мақсаты:
  • қазақ әдеби тілінің жалпы сипатын түсіну;

  • әдеби тіл туралы ұғым қалыптастыру;

  • қазақ әдеби тілі жайындағы пікірлерге тоқталу;

  • жастардың бойында өз тіліне деген патриоттық сезімді қалыптастыру.

Аталған семинарға жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттары қатысып, әдеби тілдің тарихы, әдеби тілдің қалыптасу, даму жолдарының маңыздылығына тоқталды.

Семинарды кіріспе сөзімен филология ғылымдарының кандидаты, тілдік пәндер кафедрасының доценті Гүлжамила Қамбарбекқызы бастап берді. Семинарды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының М016-20 топтың магистранты Нұрбергенқызы Әсел «Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналар» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі әдеби тілге тән қасиет – оның белгілі дәрежеде қалыптасқан нормалары, қоғамның дамуына байланысты әдеби тіл үздіксіз даму, өзгеру, жетілу үстінде болатындығы, осыған орай әдеби тілдің тарихи кезеңдерде қалыптасу дәрежесі, сипаты өзгеріп, саны мен сапасы жағынан, құрылымы тұрғысынан өзгеріске түсіп отыратындығы туралы айтты. «Әдеби тіл – көп функционалды, яғни көп салалы тіл. Әдетте цивилизация тарихын бастаудың бір шарты – әдеби тіл болып табылады. Әдеби тілдің болуы – қоғамдық өмірдің көп тірлігін, сол сияқты қоғамдық дамудың жоғары сатыға көтерілуін де көрсететін фактор. Әдеби тіл болудың үлкен белгісі – оның құрылымы мен қағидалары сол тілде сөйлеушілерге түгел түсінікті ортақ болып келуі. Қазақ тарихында жазба тіл қалыптасқанға дейін мұндай қасиетке ие болған ауыз әдебиеті тілі болды. Қазақ әдеби тіліне тән ерекшеліктердің алғашқы қалыптасып, бой көрсетуі тек қана жазуға байланысты болған жоқ. Жазу, тілдік элементтердің өздеріне тән барлық көп түрлілігімен түгелдей жазу арқылы қағазға түсуі, филологияда әдеби тіл қалыптасуының басты шарттарының бірі ретінде дараланатындығын және осы қағиданың дүниедегі көпшілік тілдер тұрғысынан бұлжымайтын шарт болып қаралатындығын жоққа шығаруға болмайды»,-деп семинар өз мақсатына жетті.

М016-20 қазақ тілі мен әдебиетінің 1 курс магистранттарына семинарды ұйымдастырғаны үшін кафедра атынан алғыс білдіреміз!

5В011600 - Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы

5В011700- Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы

мынандай кəсіби қызмет түрлерін атқара алады:

- білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде,лицей, гимназияларда;

- ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);

- əдеби-шығармашылық (əдеби, мəдени мекемелерде, баспа орындарында);

- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандарына қойылатын талаптар:

5В011600 - Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша бакалавр:

– адамзаттың іс-əрекетінің алуан түрлілігі туралы, рухани құндылықтар мен олардың маңызы жайлы, дүниеге деген ғылыми, философиялық көзқарасы бойынша түсінігі болуы;

– қоғам дамуы жайлы: мəдениет пен өркениеттің алуан түрлілігі, əлеуметтік тəжірибе түрлері, дүниежүзілік тарихи жəне мəдени кеңістіктегі

5В011700 - Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар:

- білім алушы жас ұрпаққа дүниетаным, тіршіліктің ғылыми философиялық діни негіздері, адам өмірі мен қызметінің мазмұны мен теориялық мəні туралы терең білім беру;

Made on
Tilda