ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ


ЗАУРБЕКОВ ТАЛҒАТ ТАЛАПБЕКҰЛЫ
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының бастығы м.а.

Телефон: 87016344651
E-mail: zaurbek_tt@mail.ru

210 кабинет Бас ғимарат Токаев көшесі 27а

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы - магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын оқытуды қамтамасыз ететін Silkway Халықаралық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Университетте магистратура мамандықтары ашылғалы бері 2000- нан аса магистрант оқуын аяқтады. Олар республиканың алдыңғы санаттағы жоғарғы оқу орындарда, мемлекеттік қызмет, бизнес-компаниялар мен заң салаларында қызмет етуде.

Орталықтың негізгі мақсаты:

- Жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын дайындау;

- Магистратура түлектерін тек теориялық біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қосымша практикалық шеберлікті де меңгерту;

- Жоғарғы деңгейдегі мәдениетімен қоса ғылыми ізденістерге қабілеті бар маман қалыптастыру.

Университет әлемнің ең үздік білім ордаларымен қарым-қатынас жасау арқылы, магистранттардың әлемдегі ғылыми-ақпараттардан хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

Орталықтың негізгі функциялары мен міндеттері:

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы оқу процесін ұйымдастыру және үйлестіру.

2. Магистратура мен докторантураның білім беру үдерісін реттейтін нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

3. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің нормативтік құжаттарын әзірлеу.

5. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамадан және академиялық ұтқырлық бойынша жұмысын үйлестіру.

6. Қорытынды аттестацияны ұйымдастыру және бақылау болып табылады.

Орталық магистратура бағытында 13 білім беру бағдарламасы бойынша, Докторантура бағытында 2 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды.

Магистратурада оқу мерзімдері:

- Ғылыми-педагогикалық бағытта (2 жыл).

- Бейіндік (профильдік) (1 жыл).


Мұса Құрманғазы Оразәліұлы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының әдіскері
Жұмасіл Айғаным Бақытжанқызы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының әдіскері
Made on
Tilda