ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының директорының міндетін атқарушы - ДЖАНЗАКОВА МЕРУЕРТ АЙДАРОВНА

Мекен-жайы: Тоқаев көшесі 27 а, Фронт-офис.

E-mail: international_office@swiu.kz

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының негізгі міндеті «Silkway» Халықаралық университетінің халықаралық білім беру кеңістігіндегі академиялық беделін нығайту және одан әрі дамыту болып табылады.

ЖОО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыты шеңберінде, халықаралық білім беру және ғылыми жобалар іске асырылатын шетелдік университеттермен академиялық серіктестікті дамыту.

Университеттің халықаралық қызметін дамытудың

стратегиялық мақсаттары:

1. Зерттеу және оқу бағдарламалары саласында халықаралық сапа стандарттарына қол жеткізу;

2. SWIU оқу жоспарларын тиісті білім беру бағдарламалары бойынша әлемнің жетекші университеттерінің оқу жоспарларымен үйлестіру;

3. Халықаралық білім беру үдерісінде білім алушы студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның ұтқырлығын арттыру;

4. Білім беру қызметтері нарығында жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралы ретінде бірлескен дипломдар бағдарламаларын енгізу және іске асыру;

5. Университеттің халықаралық ғылыми қызметін дамыту, SWIU-ның Халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысу сапасы мен ауқымын арттыру;

6. SWIU халықаралық беделін арттыру, оның ішінде халықаралық рейтингтерге қатысу және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және жетекші халықаралық агенттіктерде ЖОО институттандыру арқылы;

7. Шетелдік студенттер мен ПОҚ тарту, оқытушылардың, қызметкерлердің, білім алушылардың тілдік дайындығын дамыту;


Халықаралық ынтымақтастық және академиялық

ұтқырлық орталығының негізгі қызметтері:
1. Әлемдік рейтингтерде жоғары орындарға ие университеттермен, білім беру және зерттеу ұйымдарымен өзара тиімді байланыстарды іздеу, дамыту және орнату, халықаралық серіктестіктер құру;

2. SWIU білім алушылары, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері үшін халықаралық бағдарламаларды іздеу;

3. Білім алушылар мен ПОҚ, ЖОО қызметкерлерінің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру, шетелдік студенттерді, оқытушылар мен зерттеушілерді тарту;

4. Қос дипломды білім беруді дамыту;

5. SWIU-дың халықаралық қауымдастықтар мен консорциумдарға кіруі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

6. SWIU-ды халықаралық форумдар мен конференцияларда, білім беру жәрмеңкелерінде, көрмелерде ұсыну.

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығы Шығыс Еуропа университеттері қауымдастығының жоғары білімді интернационалдандыру саласындағы, беделді халықаралық сыйлығының иегері болып табылады. ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы конкурстың нәтижелері 2019 жылғы 14 мамырда Мәскеуде өткен "IUNC Eurasia 2019" халықаралық конференциясы аясында жарияланды, онда біздің университетімізді "Халықаралық істердің үздігі" номинациясында ресми марапаттап өтті.
Made on
Tilda