ББ 6В0117 – шетел тілі: екі шетел тілі бакалаврының біліктілік сипаттамасы
Түлектің кәсіби қызмет саласы

Бакалавр өзінің кәсіби қызметін шет тілі құралдары арқылы тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін жалпы орта және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру саласында шет тілінде білім беруді жүзеге асырады.


Түлектің кәсіби қызметінің объектілері

Шет тілін үздіксіз және сабақтастыра оқытатын білім беру ұйымдары бакалавр-түлектердің кәсіби қызметінің обьектілері болып табылады. Олар:

- бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

- мамандандырылған мектеп;

- орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

ББ 6В023 – Аударма ісі бакалаврының біліктілік сипаттамасы
Түлектің кәсіби қызмет саласы

"Аударма ісі" бакалавр- түлегі келесі салаларда жұмыс істеуге дайындалады:

- әкімшілік-басқару саласы;

- білім және ғылым саласы;

- мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы;

- халықаралық байланыстар саласы;

- баспа ісі саласы;

- бұқаралық ақпарат құралдары саласы;

- ақпараттық-аналитикалық және басқа салалар.



Түлектің кәсіби қызметінің объектілері

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, түрлі ақпараттық-талдау қызметтері, елшіліктер мен өкілдіктер, министрліктер, баспаның туризм жөніндегі агенттіктері, аударма бюросы және қызметіне шет тілдері мен аударма технологиялары бойынша маманның кәсіби білімін қажет ететін басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар болып табылады

Made on
Tilda