Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық (Academic mobility) – бұл білім алушылардың немесе зерттеуші-оқытушылардың белгілі бір академиялық кезеңге басқа жоғары оқу орнына (Қазақстандық немесе шетелдік) білім алмасуы үшін (оқу немесе өндірістік практикадан өтуді қоса алғанда) ауысуы. Меңгерілген білім беру бағдарламасы кредиттер түрінде өз жоғары оқу орнында қайта есептеледі. Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) болып ажыратылады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық дегеніміз білім алушылардың шетелдік жоғары оқу орындарында оқуы және сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелердегі ғылыми-зерттеу жұмысы.
Ішкі академиялық ұтқырлық дегеніміз білім алушылардың Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуы және сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысы.
Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру
SILKWAY халықаралық университеті мен серіктес университеттер арасында қол қойылған келісімдер аясында академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін жыл сайын өтінімдер жылына 2 рет қабылданады.
Өтініш берудің соңғы мерзімі:
Күзгі семестр үшін - 30 сәуір (қоса алғанда);
Көктемгі семестр үшін - 5 қараша (қоса алғанда);
Кім қатыса алады:
- 2-3 курс бакалаврлары,
- магистранттар - 1 курс
- докторанттар - 1-2 курс
- GPA 3.1-ден төмен емес (ішкі ұтқырлық) және 3.3 (сыртқы ұтқырлық).
Қажетті құжаттар:
- өтініш нысаны (жүктеу); ПОСТАВИТЬ ФОРМУ
- төлқұжат / паспорт көшірмесі;
- транскрипт (115 кабинетінде беріледі);
- 082 / у медициналық анықтама (шетелге шығуға);
- В2 деңгейіндегі тілді білу туралы сертификат (серіктес университетте оқыту тіліне байланысты);
- 1 оқу жылына арналған жеке оқу жоспары (Кафедрадан алынады)
- фото - 3х4, 6 дана;
- файл - 1 дана.
Барлық құжаттардың түпнұсқалары Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына жоғарыда көрсетілген мерзімнен бұрын тапсырылуы керек (SWIU бас ғимараты, 114 каб.)
Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына хабарласыңыз:
160011, Шымкент қ., Тоқаев к-сі, 27 А
114 кабинет
Электрондық пошта: international_office@swiu.kz
Тел .: 8 (7252) 984002
Made on
Tilda